$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Қазақстандық оқушылар FIRST GLOBAL әлемдік робототехника олимпиадасына  қатысуда

01.11.2025ж. 15:33
Қазақстандық оқушылар FIRST GLOBAL әлемдік робототехника олимпиадасына  қатысуда

 Панама-ситиде FIRST Global Challenge халықаралық робототехника олимпиадасы басталды,- деп хабарлайды Astana TV.

Додаға әлемнің 190-нан астам елінен қатысушылар жиналды.

Биылғы чемпионат жаһандық экологиялық тепе-теңдікті қалпына келтіру және биологиялық алуадылықты арттыру тақырыбына арналған. Роботтар экологияны қалпына келтіруді модельдейтін тапсырмаларды орындау арқылы ұпай жинайды: олар кедергілерді (бөгеттерді) жоюы, биоалуандылық бірліктерін ойын алаңындағы арнайы экожүйелерге жеткізіп орналастыруы және тепе-теңдік механизмдерін іске қосуы тиіс.

Осы жылғы  іріктеу нәтижесінде 40 команданың ішінен құрамаға Алматы қаласындағы НЗМ ФМН 9–10-сынып оқушылары енді:  Рашат Досымжан, Даулет Ілияс, Орынбасаров Әлихан, Әсетұлы Мадиар және Тұрсымбаев Нұрасыл енді. Ұлттық құраманың жаттықтырушылары — Дулат Байтуленов, Нурдаулет Досмагамбет және Асылбек Мұрзахметов.

 Еске сала кетейік, Қазақстан 2022 жылы Женевада, 2023 жылы Сингапурда және 2024 жылы Афинада абсолюттік чемпион атанған, қазіргі таңда әлемнің үш дүркін чемпионы болып табылады.

 Ұлттық құрамаға Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің «Дарын» РҒПО, USTEM Foundation ҚҚ, Alem.AI жасанды интеллектінің халықаралық орталығы және Cannect.AI қазақстандық стартапы қолдау көрсетуде.