$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Алматыда 6 көлік соқтығысып, 5 адам зардап шекті

01.11.2025ж. 11:13
Алматыда 6 көлік соқтығысып, 5 адам зардап шекті
Фото: threads.com/@tam1rka.axaxa

Алматының әл-Фараби даңғылында ірі жол апаты болып, бірнеше көлік соқтығысты.
 Қалалық полиция департаментінің ақпаратынша, жол апаты 31 қазан күні шамамен сағат 22:50 кезінде Бостандық ауданында болған.

BMW маркілі көлігінің жүргізушісі әл-Фараби даңғылымен шығысқа қарай кетіп бара жатып, жолдың қарсы бетіне шығып кетіп, алты көлікпен соқтығысқан.

-Жол апаты салдарынан бес адам медциналық көмекке жүгінді. Апаттың мән-жайын Бостандық аудандық полиция басқармасының қызметкерлері анықтап жатыр,-деп хабарлады Алаты қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.