Атырау облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы Атырау қаласының Бірлік-2 ауылында 600 орындық мектеп құрылысы кезінде құрылыс нормаларының бұзылғанын анықтады.
Атырау облысы құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының хаты негізінде жүргізілген тексеріс қорытындысы бойынша бас мердігер – «Тараз Құрылыс Инвест» ЖШС Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 313-бабы 1-бөлігіне сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылды.