Бүгін Алматы қ. Бостандық ауданындағы Навои көшесніде орналасқан 4 қабатты тұрғын үйдің төртінші қабатында орналасқан пәтердің балконында тұрмыстық заттардың жануы орын алды.
Өрт сөндірушілердің жедел әрекеттерінің арқасында өрттің пәтерлерге таралуына жол берілмеді. Өрт толығымен сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ.