Абай облысы ТЖД 112 пультіне Семей қаласындағы пәтерлердің бірінде анасы көшеге шыққан кезде кішкентай бала пәтер ішінде қалып қойғаны туралы хабарлама келіп түсті.
Оқиға орнына ТЖМ жедел-құтқару жасағының қызметкерлері келді. Құтқарушылар пәтердің ішіне кіру үшін арнайы жабдықтардың көмегімен бірінші қабаттағы терезе торын кесіп, пәтер есігін іштен ашты.
Пәтер ішінде 2023 ж.т. бала болды. Бала зардап шеккен жоқ.