«Мелисса» дауылынан кейін қалпына келтіру жұмыстарына қолдау көрсету мақсатында Ұлыбританияның гуманитарлық жүк ұшағы Ямайкаға келді.
Дауыл салдарынан Ямайкада 19 адам қаза тауып, электр желілері істен шығып, жолдар жабылған. Қазіргі уақытта арал халқының 70 пайыздан астамы жарықсыз, ал 6 мыңға жуық адам уақытша баспаналарда тұрып жатыр.
Ұлыбритания Сыртқы істер министрлігі алғашқы кезеңде 2,5 миллион фунт, кейін қосымша 5 миллион фунт көлемінде көмек бөлді. Сонымен қатар Ямайкадағы 8 мыңға жуық британ азаматын елге қайтару үшін арнайы чартерлік рейс ұйымдастырылмақ.