112 қызметіне Қосшы қаласында Жангелдин көшесіндегі көппәтерлі тұрғын үйлердің бірінен түтін шыққаны туралы хабарлама келіп түсті,-деп хабарлайды Astana TV.
ТЖД бөлімшелері келгеннен кейін бес қабатты үйдің екінші қабатындағы пәтерде электр қалқанында электр сымдардың қысқа тұйықталу орын алғаны анықталды.
Қауіпсіздік мақсатында құтқарушылар баспалдақ маршымен 40 адамды эвакуациялады.
Зардап шеккендер жоқ.