$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Қытай Антарктидаға бағытталған 42-ші экспедициясын бастады

02.11.2025ж. 13:28
Қытай Антарктидаға бағытталған 42-ші экспедициясын бастады
Фото: Синьхуа

 Қытайдың 42-ші антарктикалық экспедициясы сенбі күні Шанхайдан сапарға аттанды, деп хабарлайды Синьхуа агенттігі

«Бұл экспедиция барысында Қытай алғаш рет Антарктида мұз жамылғысының терең бөлігінде орналасқан көлдерде эксперименттік бұрғылау жүргізуді жоспарлап отыр. Отандық ыстық сумен және термоплав техникасымен жұмыс істейтін бұрғылау жүйелерін пайдалана отырып, біз қалыңдығы 3000 метрден асатын мұзда бұрғылау және сынама іріктеу жұмысын жүргіземіз», деді 42-ші қытайлық антарктикалық экспедицияның жетекшісі және бас ғылыми қызметкері Вэй Фухай.


Антарктиданың мұз астындағы көлдері жоғары қысым, төмен температура, жарықтың болмауы және олиготрофты орта сияқты экстремалды жағдайлармен ерекшеленеді. Бұл жерде бірегей экожүйе қалыптасады және мұз жамылғысының қатпар-қатпар тарихы мен климаттық өзгерістердің ауқымды шежіресі сақталған. Сондықтан ғалымдарға бұл көлдерді зерттеу шөгінді үдерістерін және тіршіліктің эволюциясын түсіну үшін қажет болып отыр.

Антарктиданың жаһандық климат өзгерісіндегі рөлін тереңірек зерттеу үшін экспедиция қатысушылары Амудсен теңізі мен Росс теңізі сияқты негізгі аймақтарда ұзақ мерзімді бақылаулар бойынша деректер жинамақ.

Қытайдың полярлық экспедициялар жөніндегі мемлекеттік океанология басқармасы директорының орынбасары Лун Вэйдің айтуынша, Антарктиданы зерттеу, қорғау және игеру туралы білім мен мүмкіндіктерді үнемі жетілдіру – Қытайдың теңіз державасына айналу ұмтылысы үшін ғана емес, адамзаттың ортақ тағдыр қауымдастығын құру идеясын ілгерілетуге жаңа үлес қосу бастамасы  болып отыр.