$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Димаш «Voice Beyond Horizon» бірлескен жобасын таныстырды

02.11.2025ж. 16:19
Димаш «Voice Beyond Horizon» бірлескен жобасын таныстырды
Фото: dimashnews.com

Жаңа «Voice Beyond Horizon» жобасы үшін Димаш Құдайберген әлемнің әр түкпірінен үздік әншілерді шақырды. Бұл туралы DimashNews сайты жазды. 

 

Олардың ішінен 8 орындаушы таңдап алынды.  

Prince – Сербия елінің әншісі, Евровидение байқауында өз елін танытқан өнер иесі.

Цай Чэнъюй – Қытайдың алтын дауысты теноры, жеке орындаушылық жолын енді бастаған талант.

Джулия – керемет үнімен шипа болатын, ерекше атмосфера тудыратын итальяндық әнші.

Чжан Синьюй – Қытайдың танымал жас жұлдызы, оның әндері миллиардтаған көрілім жинаған.

Нұржас – Қазақстанның мақтанышы, магниттей тартатын ерекше дауыс иесі.

Ла Даньчжу – Қытайдың халық әншісі, таулардың қуатын бойына сіңірген күшті дауыс иесі.

Нур Чолпон – Қырғызстанның ұлттық қазынасы, жас жұлдыз әрі әннің авторы.

Джесси Ли – Малайзияның жаңа буын чемпионы, көптеген музыкалық марапаттардың иегері.

22 күн ішінде әншілер 7 436 шақырымды еңсеріп, Қазақстанның төрт қаласын (Түркістан, Ақтау, Алматы, Астана) аралады.

Айта кетейік, «Voice Beyond Horizon» жобасы көпшілікке 2026 жылы жол тартады.