АҚШ-тың Миссисипи штатында полиция жол апатынан кейін қашып кеткен зертханалық маймылды іздестіріп жатыр,-деп хабарлайды Қазақпарат BILD сілтеме жасап.
Билік мәліметінше, жануарға гепатит C, герпес және коронавирус инфекциялары жұқтырылған.
Оқиға 28 қазанда Хайдельберг қалашығының маңында болды. Тьюлейн университетінің медициналық зертханасынан макакалар тобын тасымалдап келе жатқан жүк көлігі жол жиегіне шығып кеткен. Жан-жаққа шашылған ағаш жәшіктер арқылы бірнеше жануар қашып кеткен. Полиция дерегінше, маймылдардың басым бөлігі ұсталды, алайда біреуі әлі күнге дейін таптырмай жүр.
Билік тұрғындардан жануарға жақындамауды және оны ұстауға әрекет жасамауды сұрады.
«Біз әлі де бостандықта жүрген бір маймылды іздеуді жалғастырып жатырмыз. Ешқандай жағдайда оны ұстамаңыздар, бұл денсаулыққа қауіпті болуы мүмкін», делінген полиция мәлімдемесінде.
Лаборатория мәліметінше, бұл вирус жұқтырылған жануарлар жыныстық инфекциялар және респираторлық вирустар бойынша зертханалық сынақта қолданылған.