Қазақстан оқушыларынң робототехникадан Ұлттық құрамасы Панама-Ситиде өткен FIRST Global Challenge (FGC) 2025 Бүкіләлемдік Олимпиадасында биыл қатарынан төртінші жыл айрықша жеңіске жетіп, тағы да тарихи жетістікке қол жеткізді.
Әлемнің 190 елінен келген командалардың ішінен біздің оқушылар бірінші орынды иеленіп қана қоймай, бірден екі жоғары марапатты жеңіп алды:
GRAND CHALLENGE AWARD (алтын) - Роботтардың біліктілік ойындарында рекорд орнатқан абсолютті чемпиондарға берілетін турнирдің Бас жүлдесі.
ALBERT EINSTEIN AWARD (алтын) - Үздік инженерлік әзірлемелері, техникалық шеберліктері мен командалық жұмыс және көшбасшылық жетістіктері үшін берілетін Жоғарғы төрешілік марапат. Бұл марапатта кешенді артықшылық пен инновация ескеріледі.
Еліміздің құрамасын NIS Алматы-Медеу мектебінің 9-10 сынып оқушылары Рашат Досымжан, Дәулет Ілияс, Орынбасаров Алихан, Әсетұлы Мадиар және Тұрсымбаев Нұрасыл таныстырды. Жаттықтырушылары – Нұрдәулет Досмағамбет, Асылбек Мұрзахметов және Дулат Байтуленов.
Бүкіләлемдік чемпионатта қатарынан төрт рет жеңіске жету (Женева-2022, Сингапур-2023, Грекия-2024, Панама-2025) Қазақстанды халықаралық STEM-білім беру аренасындағы абсолютті әлемдік көшбасшыға айналдырады.
«Біздің балаларымыз жеңісті төртінші рет қатарынан жеңіске жетті. Бұл ретте, команданың құрамы бірде-бір рет қайталанбағанын атап өткен жөн – жыл сайын ел намысын қорғау үшін жаңа қатысушыларды дайындаймыз», – деп бөлісті USTEM Foundation Қоғамдық қорының жетекшісі Асылбек Мұрзахметов.
Еске сала кетейік, биылғы жарыстың «Eco-Equilibrium» тақырыбы жаһандық экологиялық проблемаларды шешуге және биоәртүрлілікті сақтауға арналған болатын. Қазақстандық команда роботты әзірлеу арқылы экожүйелерді қалпына келтіруге ерекше көзқарас танытты. Олардың роботы ойын алаңындағы кедергілерді алып тастап, биоәртүрлілік бірліктерін экожүйелерге дәл орналастыратын күрделі финалдық тапсырманы сәтті орындап шықты.
Ұлттық құраманы ҚР Оқу-ағарту министрлігінің «Дарын» РҒПО, «USTEM Foundation» ҚҚ, Alem.AI Халықаралық жасанды интеллект орталығы, сондай-ақ қазақстандық Cannect.AI стартапы қолдағанын атап өткен жөн.