$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Өрт сөндірушілер өрттің таралуына жол бермеді

02.11.2025ж. 19:41
Өрт сөндірушілер өрттің таралуына жол бермеді

Бүгін Жамбыл облысы ТЖД 112 пультіне Қордай ауылының Жібек жолы көшесіндегі бес қабатты тұрғын үйдің бірінші қабатындағы пәтерлердің бірінде өрт шыққаны туралы хабарлама келіп түсті.

ТЖМ күштері оқиға орнына келген кезде пәтердің бір бөлмесін от шарпығаны анықталды. Оқиға кезінде пәтер иелері үйде болмаған.

 Құтқарушылар пәтерге балкон арқылы кіріп, дереу өртті сөндіруге кірісті. Өрт сөндірушілердің жедел және үйлесімді іс-қимылының арқасында өрт толық сөндіріліп, оттың көрші пәтерлерге таралуына жол берілмеді.

 Зардап шеккендер жоқ. Өрттің себебі анықталуда.