$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Аритмияны емдеудің жаңа тәсілдері

02.11.2025ж. 20:18
Аритмияны емдеудің жаңа тәсілдері

Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығында Орталық Азия аритмологиялық саммиті өтті – жүрек ырғағының бұзылуын диагностикалау мен емдеудің өзекті мәселелеріне арналған маңызды өңірлік оқиға. Форум ҚР Денсаулық сақтау министрлігімен, еуропалық жүрек ырғағы қауымдастығымен, Дүниежүзілік аритмия қоғамымен, Жібек жолы жүрек ырғағы қоғамымен, қазақ аритмологтар қоғамымен және Астана медицина университетімен бірлесіп ұйымдастырылды.

 Екі күн бойы Қазақстан, Түркия, Аустрия, Корея, Қытай, Польша, Әзірбайжан, Германия, БАӘ, Ресей, Беларусь, Қырғызстан және Өзбекстанның жетекші кардиологтары мен аритмологтары заманауи аритмологияның даму бағыттарын талқылады. Бағдарламада - Қазақстандағы жүрекшелер фибрилляциясын абляциялау тәжірибесі, катетерлік емдеудің қазіргі заманғы әдістерін, ересектердегі туа біткен жүрек кемістіктері кезіндегі аритмияны салыстырмалы талдау, кенеттен жүрек өлімінің профилактикасы, сондай-ақ кардиовертер - дефибрилляторларды имплантаттаудың және жүректі физиологиялық ынталандырудың озық технологияларын қолдану.

Аритмияны жоғары технологиялық емдеудегі жаңа тәсілдерге ерекше назар аударылды. Айта кетейік, осы жылдың мамыр айында Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығының құрылымында күрделі аритмологиялық араласулар жүргізу үшін заманауи жабдықтармен жабдықталған Жүрек Ырғағы орталығы жұмысын бастады. Мұнда 3D навигациялық карталарды жасау, радиожиілік және импульстік абляция, электродсыз кардиостимуляторларды имплантаттау және эндокард электродтарын алу ресімдері орындалады.