Спорт Қазақстан
$449.58 €486.94 ₽4.86
×

Ақтөбе облысының шалғай ауылына газ берілді

AstanaTV
04.12.2017ж. 20:00
3676
Ақтөбе облысының шалғай ауылына газ берілді

Ақтөбеден 500 километрге жуық қашықтықта орналасқан Шалқар ауданының Шетырғыз елді мекені Тұңғыш президент күніне орай зор қуанышқа бөленді. Шалғайдағы ауылға көгілдір отын берілді. Бұл былтырдан бері өңірде «ҚазТрансГаз» компаниясы арқылы газдандырылған 11-інші елді мекен.

Бүгін Сиыршиндер отбасы ерекше көңілді. Олар әдемі киімдерін киіп, қонақ күтуге қамданып отыр. Шаңырақтың кіші келіні шай қамына кіріскен. Алайда, бұл жолы бұрынғыдай отын жағып, әуре болып жатқан жоқ. Себебі үйге көгілдір отын келіп тұр.

Бәтима Сиыршина, Шетырғыз ауылының тұрғыны:

«Бұрын көмір тасыдық. 10 тонна көмір жағатын едік. Оның тоннасын 18-19 мыңнан алатын ек. Күл шығарамыз таң атысы. Оған да үйреніп ек, қазақ әйелдері төзімді ғой, дегенмен, келіндеріміздің, жас балдарымыздың болашағы, газ кіріп, отын тасымайды. Әрбір үйге кіріп тұр осында».

Газ тарату қондырғысының құрылысы шеңберінде 10 шақырымнан астам газ құбыры салынған. Барлық жұмыс межелі уақытта аяқталды.

Бақтияр Ізбасаров, «Қазтрансгаз аймақ» АҚ Ақтөбе өндірістік филиалының директоры:

Былтыр он елді мекенге газ  қостық. Ақтөбе және Қандыағаш ГРС-тері үлкейтілді. Оның ертеңгі күні кәсіпкерлерге жаңа мүмкіндіктер беруде.

Шетырғыз ауылында 90-нан аса үй болса, қазірдің өзінде оның 34-і табиғи газға қосылған.  Жергілікті әкімдік ғимараты, мектеп пен мәдениет үйі де көгілдір отынның игілігін көріп отыр. Осылайша, Шалқар ауданындағы 12 ауылдық округтің онына газ желісі тартылды. Елді мекендерді газдандыру жұмыстарын уақытында әрі сапалы жасайтын "Қазтрансгаз" мекемесіне рахметін айтқан жергілікті билік, бұндай жұмыстардың облыстың басқа аудандарында да жалғасын табатынын айтты.

Серік Төленбергенов, Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары:

Осы ауылға облыс бюджетінен қосымша қаржы бөлінген. 94 миллион. Келесі жылдары 10 миллиардтай ГЧП арқылы жоспарымыз бар. Жұмыстар жүргізуге. Жалпы, бүгін 87 пайыз облыс бойынша газдалған.

Бүгінгі күнге дейін Ақтөбе облысындағы барлық аудан орталықтары газдандырылды. Биылдың өзінде 300 шақырымнан астам газ құбыры салынған. Бір ай бұрын ғана Ақтөбеде Қазақстандағы ең қуатты газ тарату станциясы пайдалануға берілді.