Ұландықтар тігін машиналарының ішіне жасырылған 8 телефон мен 7 SIM-картаны анықтады,-деп хабарлайды Astana TV.
Өскемен қаласында ҚР ІІМ Ұлттық ұланының «Шығыс» өңірлік қолбасшылығына қарасты 6699 әскери бөлімінің әскери қызметшілері ҚАЖД қызметкерлерімен бірлесіп, түзету мекемелері аумағына тыйым салынған байланыс құралдарын өткізу үшін жасалған екі әрекеттің жолын кесті.
Тексеру нәтижесінде 8 мобильді телефон, 7 SIM-карта және 4 қуаттағыш құрал табылып, мекеме әкімшілігіне өткізілді. Аталған факт бойынша құқық қорғау органдары тексеріс жүргізуде.