Соңғы күндері Ақмола облысында ауа райы құбылып, жаңбыр аралас қар жауып жатыр. Полиция қызметкерлері жолдарда көктайғақ болуы мүмкін екенін ескертеді. Бұл жол қозғалысының қиындауына және жол апатына себеп болуы ықтимал.
Осыған байланысты тәртіп сақшылары жүргізушілерге көліктерін қысқа алдын ала дайындап қоюды ұсынады. Яғни, жазғы дөңгелектерді ауыстырып, жылдамдықты азайтып, арақашықтықты сақтау қажет. Сондай-ақ полицейлер барша жүргізушіні жолда аса мұқият болуға шақырады.