2024 жылдың қаңтар айында Алматыда болған жер сілкінісі кезінде ерте ескерту жүйесінің істемей қалуына байланысты үш лауазымды тұлға қылмыстық жауапкершілікке тартылды, деп хабарлады Бас прокуратура.
Президент сол кезде Бас прокуратура мен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттікке жүйенің істемеу себебін тексеруді тапсырған болатын.
Тергеу нәтижесінде Алматы қаласы ТЖ департаменті бастығының үш орынбасары, сондай-ақ тиісті бақылауды қамтамасыз етпеген техникалық қадағалау өкілдері жауапқа тартылғаны анықталды.
Бас прокуратураның мәліметінше, “TNS-INTEC” ЖШС сапасыз жабдық жеткізіп, орындалған жұмыстардың актілерін жалған рәсімдеген.
Тергеу нәтижесінде жауапты тұлғалардың әрекеттеріне құқықтық баға беріліп, бірқатар жүйелік кемшіліктерді жою бойынша шаралар қабылданған.