Мексиканың Эрмосильо қаласында дүкенде алапат жарылыс болып, соңы өртке ұласты. 23 адам қаза тауып, 12 азамат жарақаттанған. Арасында балалар бар.
Құтқарушылардың мәліметінше, өрт дүкеннің кіреберісінен басталғандықтан, жұрт сыртқа шығып үлгермеген.
Мерт болғандардың бәрі ыс иісіне тұншыққан көрінеді. Ал өртті өшіруге бірнеше сағат уақыт кеткен.
Қазір мамандар жарылысқа не себеп болғанын тексеріп жатыр.