Наушники Саяна телеграм арнасының мәліметінше BI Group құрылыс компаниясының ресми сайтында жаңа тұрғын үй кешені “Alem Sana” жобасы туралы ақпарат жарияланды. Онда жаңа үйлердің жанында “Астананың” футбол академиясы орналасатыны атап өтілген, деп жазады Aladop.kz.
Жобаның сипаттамасында бұл нысан көпсалалы спорт кешені болатыны, ол жерде елордалық клубтың жас футболшылары дайындалатыны көрсетілген. Академия Қазақстанның жеті дүркін чемпионы және Чемпиондар лигасы мен Еуропа лигасының топтық кезеңдерінің қатысушысы болып саналатын клубтың болашағын қалыптастыруға бағытталмақ.