$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Петропавлда қатардағы полиция қызметкерлері адасып қалған әжейге көмектесті

03.11.2025ж. 21:17
Петропавлда қатардағы полиция қызметкерлері адасып қалған әжейге көмектесті
фото: Polisia.kz

Петропавлда қатардағы полиция қызметкерлері адасып қалған әжейге көмектесті, -деп хабарлайды Astana TV.

Адасып қалған әжей полициядан көмек сұрады. Белгілі болғандай, ол жуырда немересінің үйіне - Уәлиханов көшесіне көшіп келген. Алайда жаңа ауданды білмегендіктен, қай үйде тұратынын шатастырып алған. Өзімен бірге телефон болмаған.

Зейнеткерге көмек көрсету міндеті полиция қызметкерлері Батыр Әскеров пен Рахат Далабайға жүктелді. Тексеру барысында Батыр Әскеров әжейді суретке түсіріп алып, маңайдағы тұрғындарға көрсеткен. Сол арқылы тұрғындардың бірі зейнеткерді танып, оның нақты тұратын мекенжайын көрсетті.