$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Вьетнамда су тасқынынан 37 адам қаза тапты

04.11.2025ж. 07:42
Вьетнамда су тасқынынан 37 адам қаза тапты
Фото: VnExpress

Вьетнамның орталық провинцияларында ұзаққа созылған нөсер жаңбыр мен қатты су тасқыны салдарынын 37 адам көз жұмды, бес адам хабар-ошарсыз кетті, 78 адам жарақат алды, деп хабарлайды Синьхуа. 

12,6 мыңнан астам үй су астында қалды, 103 құрылыс тасқын судан қирады немесе шайылып кетті, ал 451-і зақымдалды.

Су тасқыны шамамен 7 900 га ауылшаруашылық алқаптарына да әсер етті, 64 мыңнан астам мал мен құс қырылды, сондай-ақ суару жүйелері мен өзен жағалауларына айтарлықтай зиян келтірді.

Өткен демалыс күндерінен бері Вьетнамның жағалаудағы провинцияларында нөсер жаңбыр жауып, бір күнде рекордтық 1,7 метр жаңбыр жауды, деп жазды VnExpress. 

ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік мұра тізіміне енген ежелгі Хойан қаласын да су басты. Жергілікті өзен арнасынан асып, 60 жылдағы ең жоғары деңгейге жеткеннен кейін тұрғындар көшелерде ағаш қайықтармен жүруге мәжбүр болды.