Атырауда жол апатынан бір отбасының өмірі астан-кестен болды. Орал-Атырау тас жолының 27-ші шақырымында Лада Граната және Камаз автокөлігі соқтығысқан. Гранта көлігінде ерлі -зайыптылар мен 4 баласы болыпты. 1 және 10 жастағы балалар оқиға орнында қайтыс болды. Қалғандары ауруханаға жеткізілген. Дәрігерлердің айтуынша, анасы мен бір баланың жағдайы ауыр. Айта кетейік, жыл басынан бері аймақта 1320 жол-көлік оқиғасы болған. Салдарынан 70 адам қаза тауыпты.