$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Қызылжар өңірінде жас жігіт диқанды мылтықпен атып өлтірген

Қызылжар өңірінде жас жігіт диқанды мылтықпен атып өлтірген

Қызылжар өңірінде жас жігіт диқанды мылтықпен атып өлтірген. Оқиға Тимиряз ауданының Докучаево елдімекенінде болды. Ауылдың 22 жастағы тұрғыны кешқұрым мас күйде шаруашылық жетекшісінің үйіне келіп, одан ақша талап еткен. Айтуынша, көктемгі егістік науқаны кезінде кәсіпкер аталған жұмысшының 1 миллион теңге көлеміндегі еңбекақысын өтемеген. Егінші қоқан-лоқы көрсеткен азаматты қуып жіберу үшін мылтығын алып шыққан көрінеді. Алайда, жас жігіт қаруды тартып алып, диқанның өзін атып тастаған. Қазір полиция қызметкерлері қылмыстық іс қозғап, істің мән-жайын анықтап жатыр. 

АСҚАР МҰХАМЕТҚАЛИЕВ, СҚО ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСШЫСЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ:

Полиция 22 жасар күдіктіні ұстады.  Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязево ауданы Докучаево ауылының 52 жасар тұрғынын өлтіру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.  Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.  Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.  Қазіргі кезеңде Қазақстан Республикасы қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес басқа мәліметтер жариялауға жатпайды.