Атырау облысында өзін-өзі атып өлтірген шенеунікке қатысты тергеу жүріп жатыр. 36 жастағы азамат өз үйінде қол жұмсаған.
Кейбір деректерге сәйкес, ол отбасылық жанжалдан соң аңшылық мылтықпен өзіне оқ атқан. Қару өз атына тіркелген екен. Ол соңғы екі жылдан астам уақыт Құрманғазы аудандық жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімін басқарған. Оқиға болар алында үш күн бұрын жұмысынан ақысыз күн алыпты. Алты баланың әкесінің суицидке баруына қызметінің қатысы бар ма, жоқ па, тергеу анықтайды.
МЕЙІРІМ ЕРДӘУЛЕТ, ОБЛЫСТЫҚ ПД БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ:
Құрманғазы ауданында тіркелген өз-өзін өлтіру дерегіне қатысты қазіргі таңда қылмыстық іс тіркелді. Оқиғаның барлық мән-жайларын анықтау мақсатында кешенді тергеу амалдары жүргізілуде. Өзге ақпарат тергеу мүддесіне сәйкес жариялауға жатпайды.