Қостанайда такси қызметінің атын жамылып, қаладағы сауналарда жезөкшелік қызмет ұйымдастырған топ ұсталды.Олар ауылдан келген қыздарды қорқытып, күш көрсетіп, интимдік қызметке мәжбүрлеген.
Тергеу барысында қыздардың қаладағы 12 саунаға жеткізіліп, жезөкшелік қызмет көрсеткені анықталды. Оларды жалдамалы пәтер мен гаражда ұстаған көрінеді. Күдіктілер ұсталды.Тінту барысында көп ақша, құжаттар мен техникалар банк карталары мен қылмыстық бағытта пайдаланылған 9 автокөлік тәркіленді. Қылмыстық жолмен келген қаражаттың бір бөлігі жалған банктік шот арқылы заңдастырылғаны белгілі болды. Қомақты қаражат көлік, тіркеме және гараж сатып алуға жұмсалған.
РУСТАМ ШАЙКЕМЕЛОВ, ОБЛЫСТЫҚ ПД ҰЙЫМДАСҚАН ҚЫЛМЫСҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЖЕДЕЛ УӘКІЛІ:
Аталған факті бойынша «Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру» бабымен бөлек іс қозғалды.Тергеу жалғасуда. Ішкі істер органдары жеңгетайлық пен интимдік қызмет көрсету арналарын анықтау және жолын кесу бойынша жұмысты жалғастыратынын атап өтеді.