$541.34 €640.73 ₽6.53
×

«AMANAT» партиясы республикалық аграрлық сектор кеңесінің отырысын өткізді

«AMANAT» партиясы республикалық аграрлық сектор кеңесінің отырысын өткізді

Отандық шаруалардың құқығы қорғалуы керек. Елордада аграрлық кеңес жұмыс тобының отырысында осы мәселе қаралдыі. "Amanat" партиясының бастауымен тауар өндірушілер қауымдастықтары өз уәждерін айтып, сұрақтарын қойды. Алдағы уақытта Мәжілістің Аграрлық мәселелер жөніндегі комитеті мен бірнеше салалық министрлік түйткілді мәселелер бойынша бірнеше өзгеріс енгізуді қолға алмақ. Сонымен қатар, дүкен сөрелеріндегі жағдай, ондағы отандық тауарлардың жай-күйі де біраз талқыға түсті. Соның ішінде, кейбір сырттан келетін тауарлардың заңсыз басымдыққа ие болуы да сөз болды.

НҰРЖАН ӘШІМБЕТОВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, «AMANAT» ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Бір қынжылтатыны, шетелден келіп, ресми тіркелмей, салық төлемей кіргізілетін тауарлар арзан болып басымдыққа ие болып жатады. Бірақ, отандық өнімге қарағанда сапасы әлдеқайда нашар болуы мүмкін. Сондықтан, нарықты сауықтырып, қазақстандық тауарға басымдық бергеніміз жөн. Сол үшін шекарадағы тексеріске де өзгеріс енгізуді ұсынып отырмыз.