Түркістан облысында қызы анасының өмірін сақтап қалды. Облыстық клиникалық ауруханада алмастырылған ағзаның 34-і бүйрек болса, екеуі бауыр трансплантациясы. Оның дені-туыстық донор.
49 жастағы Ульяна Нурметоваға «Бауыр церрозы» диагнозы қойылған. Көпбалалы анаға қызы донор болды. Отбасындағы бес баланың ішінде Эльвираның ағзасы сәйкес келіпті.
ЭЛЬВИРА САХАВИТДИНОВА, ДОНОР:
Өте ауыр халде болды 2024те. Бұл жақа келген кезде өте ауыр халде келген болатын. Біз туыстық бауыр трансплантациясы бар екенін 2024 жылы білдік. Анамның жағдайы үшін, денсаулығы үшін туыстық бауыр трансплантациясына келісім бердім.
УЛЬЯНА НУРМЕТОВА, САУРАН АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:
Жоқ, маған донор керек емес. Маған сенің өміріңе балта шаппаймын, келешекте тұрмыс құрасың, отбасы құрасың, маған донор болмай ақ қой деп көнбедім мен. врачтардың айтуымен оның денсаулығына зиян болмайды. Барлығы жақсы болады деген соң көндім.
Ал Лесбек Бейтанов бір бүйрегін гемодиализге тәуелді 26 жастағы ұлына бермек.
ЛЕСБЕК БЕЙТАНОВ, ДОНОР:
Баламның өміріне алаңдап... жас, әлі бойдақ. Құдай әйтеуір өмірін беріп, жақсы болып кетіп соған үлесімді қосамын.
Өңірде жасалған операциялардың ішінде бір трансплантация мәйіттік донордан жасалса, қалғандары — туыстық донор. Былтыр алғаш рет жасалған жүрек трансплантациясы сәтті шықты. Мәйіттік донордан алынған жүрек Ордабасы ауданының 59 жастағы тұрғыны Кеңесбай Дәрменовке салынған болатын.
КЕҢЕСБАЙ ДӘРМЕНОВ, РЕЦИПИЕНТ:
Қазіргі жағдайда жақсы. Жүрек ақауынан ешқандай белгілер жоқ. Жақсы сезініп жүрмін. Жағдайым жақсы шүкір. Аптада, айында барып тексеріліп, қаралып тұрамын.
Түркістан облыстық клиникалық ауруханасында бүгінгі күнге дейін 34 бүйрек, 2 бауыр трансплантациясы сәтті орындалды. Жыл соңына дейін тағы 4 операция жоспарланған.
ЖАНБОЛАТ ДІЛДӘБЕКОВ, ОБЛЫСТЫҚ КЛИНИКАЛЫҚ АУРУХАНАНЫҢ БАС ДӘРІГЕРІ:
Бас миы қайтыс болған болмаса бас миы семген науқастардың органдарын алу туысқандарының рұқсатымен болады. Бізде мәйіттік трансплантация дамитын болса бізде трансплантацияға душар болмаса шалдыққан күту парағындағы науқастардың саны азаятын еді.
Қазір елімізде ағза алмастыруды күту парағында 4 мыңнан астам адам кезекте тұр. Басым бөлігі бүйрек трансплантациясына зәру.