$541.34 €640.73 ₽6.53
×

«AMANAT» партиясы бизнес пен мемлекеттік органдар арасындағы өзара іс-қимылды қолдайды

«AMANAT» партиясы бизнес пен мемлекеттік органдар арасындағы өзара іс-қимылды қолдайды

«AMANAT» партиясы кәсіпкерлерге көрсетілетін қолдауды күшейтіп келеді. Бизнес дамыту жөніндегі үйлестіру кеңесі жеке сектор мен мемлекеттік органдар арасында тиімді диалог орнатуға сеп болып отыр. Жиында жаңа Салық кодексінің нормалары қаралды. Себебі партияға салық мәселелері бойынша кеңес алу үшін 26 фармацевт жүгінген. Партия өкілдері барлық даулы тұстарды түсіндіріп, кәсіпкерлердің өтініштерін бақылауда ұстайтындарын айтты. Бұдан бөлек, кеңеске несие алу, жер телімін бөлу және мемлекеттік бағдарламаларға қатысу мәселелері бойынша да өтінішер келіп түскен. Партия өкілдерінің айтуынша, басты мақсат –  осы арқылы әкімшілік кедергілерді азайтып, шағын және орта бизнестің дамуына қолайлы жағдай жасау дейді.

БЕКЗАТ АЛТЫНБЕКОВ, «AMANAT» ПАРТИЯСЫ ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

Кеңестің басты мақтсаты өңірдегі кәсіпкерлердің өзекті мәселелерін уақытылы анықтап, оларды мемлекеттік органдармен бірлесе отырып, шешу жолдарын қарастыру болатын. Жалпы, партияның басты ұстанымы халық пен биснестің мүддесін қорғау, ашық диалог және нақты нәтижеге бағытталған жұмыстарды жалғастыру.