Атырау облысында “Халық заңгері” республикалық әлеуметтік акциясына 400-ге тарта адам қатысты. Халықтың құқықтық сауттылығын арттыруға арналған шарада тұрғындар мемлекеттік орган басшылары мен заңгерлерге көкейдегі сұрақтарын қойып, тегін кеңес алды.
Халық пен билік арасына алтын көпір болған “Халық заңгері” әлеуметтік акциясында мамандар бір мезгілде 50 адамға дейін қабылдады. Мұнда барлық басқарма басшылары бар. Кәсіби заңгерлер, тәжірибелі құқық қорғаушылар, адвокатар мен сот орындаушылар да осында. Құжатын құшақтаған тұрғындар әр есікті жағаламай, бір жерден жауап алды.
АЙКЕН АМАНШИНА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:
Мен өзімнің мәселем үлкен, көп жылдан бері сот орындаушылардың ісіне наразы болып жүр едім. Осы мынау жинаған құжаттарым. Бүгін соның бәрін көрсетіп ол кісіге, ол кісі өз кезегінде заңдылығын тексеріп, тиісті шарасы алынатындығын ескертті. Мен өзім ризамын.
ҚАЙСАР АБДАЛИЕВ, ОБЛЫСТЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:
Денсаулық сақтау саласы бойынша негізгі келетін мәселелер консультациялық көмек алу, дәрі дәрмек мәселесі, одан кейін, медициналық көмектің сұрақтары, емханаға тіркелу мәселесімен келеді.
Тегін құқықтық кеңес, облыс орталығында ғана емес, барлық ауданда өтті. Заңды тұрғыдан бағдар сұрай келген 400-ге тарта тұрғынның жартысынан астамы- ауылдықтар. Олар, әсіресе, құқық қорғау, сот орындаушылар, кәсіпкерлік, құрылыс, жолаушылар тасымалы мен жұмыспен қамту мәселелері бойынша көбірек кеңес сұраған.
МАДИЯР БАСШЫБАЕВ, ОБЛЫС ПРОКУРОРЫ:
Басты мақсатымыз сол өңірдегі құқықтық сауаттылықты көтеріп, халқымызға қолдан келгенше осы жерге түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, арыз-шағымдары болса, сол шағымдарды қабылдап, тиісті түрде тізімге алып, кейін қарап болғаннан кейін арыз-шағым бойынша тіисіті жауаптарын береміз.
Әр адамның мәселесін жеке-жеке қарап, заңдылық тұрғыда бағыт беретін мұндай акциялар кедергілерді жойып, халық сенімін арттырады,- дейді ұйымдастырушылар.