Павлодар облысында ерекше білім беруді қажет ететін 8 мыңнан астам бала бар. Олардың 2 мыңының мүмкіндігі шектеулі. Яғни, туғанынан жарымжан болып қалған. Ал 700-ге жуық бала аутизмге шалдыққан. Бұл балалардың барлығына мемлекет тарапынан қолдау көрсетіліп келеді. Аймақта бүлдіршіндердің денсаулығын түзеп, білім алуына ерекше жағдай жасалған. 32 арнайы мекеме жұмыс істейді. 7 мектеп интернат, 9 арнайы балабақша, 4 психологиялық-мединциналық, педагогикалық кеңес беру және аутизим орталығы тегін қызмет көрсетеді. Ал 4 мыңнан астам бала инклюзивті білім беру бағдарламасы бойынша орта мектептерде оқиды. Олар да басқа балалар сияқты білім алып, өз өзін дамытуына мүмкіндік жасалған. Бұл ретте Білім беру басқармасы тек балалармен емес, олардың ата-аналарымен де қоян-қолтық жұмыс істеп келеді.
ЖІБЕК АЙТМҰХАМБЕТОВА, ОБЛЫСТЫҚ БІЛІМ БЕРУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ:
Сабақ алудан бөлек ата-аналармен қатар жұмыс жүргізіледі. Ол дегеніміз инклюзивтік мәдениет қалыптасады сол ортада. Ата-аналармен жұмыс жасалынып, біздің сыныпта ерекше білем беруді қажет ететін бала бар. Ол оқиды. Ортамызда бар деп ата-аналарға түсіндіріліп, және балалар ол баланы шеттетпей өз қатарына алып, бірдей қарағандай сондай жұмыс жүргізіледі.