$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Олимпиадаға қатысатын ауыл оқушыларының саны артты

AstanaTV
03.11.2025ж. 19:00
Олимпиадаға қатысатын ауыл оқушыларының саны артты

Елімізде ауыл мектептерінің оқушыларына арналған республикалық олимпиада басталды. Биыл олимпиадаға 125 мыңнан астам білімге құштар оқушысы тіркелген. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 12 мыңға көп. Төрт кезеңнен тұратын Олимпиада 13 пән бойынша өткізіледі. Желтоқсан айына жоспарланған ақтық сында бағы жанғандар «Дарын» республикалық сырттай мектебінде оқиды.

МЕДЕТ ЖАМБАЕВ, "ДАРЫН" РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ:

Соңғы үш жылда ауыл оқушыларының республикалық олимпиадаларға қатысу көрсеткіші он есеге артқан. Жобаның басты мақсаты – ауылдық және шалғай аймақтардағы талантты балаларды қолдау, олардың сапалы  сапалы білімге тең өолжетімділігін қамтамасыз ету және интеллектуалдық әлеуетін дамыту.