«Отбасы банк» арқылы «Наурыз» бағдарламасына құжаттар онлайн қабылданады. Ал «Наурыз жұмыскер» санатына кіретін азаматтар өтінім беру үшін банк бөлімшелеріне баруы қажет. Өтінім қабылдау осы айдың соңына дейін жалғасады.
Айта кетейік, «Наурыз» бағдарламасы өткен жылы іске қосылған. Биылдың өзінде 6 920 азамат баспаналы болды. Оның ішінде 898-і әлеуметтік осал топқа жататындықтан, несиені жеңілдетілген 7 пайыздық мөлшерлемемен рәсімдеген.