$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Астанада қар жауды

03.11.2025ж. 23:25
Астанада қар жауды

«Қазгидромет» болжамына сәйкес, алдағы күндері Атлант мұхитынан келетін циклонның ықпалынан елдің басым бөлігінде қар жауып, жел күшейеді. Республика бойынша тұман түсіп, көктайғақ болады. Ал солтүстік өңірлерде жаяу бұрқасын соғады.

Тек республиканың батысында ғана ауа райы жауын-шашынсыз болады. Оңтүстік өңірлерде жаңбыр қарға ұласуы мүмкін.  Ал республиканың солтүстік бөлігінде кей жерлерде қар жауады.

Ауа температурасы күндізгі уақытта күрт төмендейді: солтүстік пен орталықта –2…–10°С, оңтүстік және оңтүстік-шығыста +2…+7°С шамасында болады.