$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Сербия чемпионатында жаттықтырушы матч кезінде көз жұмды

04.11.2025ж. 09:44
Сербия чемпионатында жаттықтырушы матч кезінде көз жұмды
Младен Жижович (1980–2025)

Сербия чемпионатының матчы кезінде "Раднички 1923" клубының бас бапкері Младен Жижович кенеттен құлап, көп ұзамай ауруханада көз жұмды,-деп хабарлайды aladop.kz.

Қайғылы жағдай "Младост” пен "Раднички 1923” командалары арасындағы ойында, матчтың 22-минутында орын алды. 44 жастағы бапкер өзін жайсыз сезініп, есінен танып қалған. Дәрігерлер дереу көмек көрсетіп, ауруханаға жеткізгенімен, өмірін сақтап қалу мүмкін болмады.

Алғашында төреші ойынға уақытша үзіліс жариялап, кейін матч қайта жалғасқан. Алайда шамамен 20 минуттан соң бапкердің қаза тапқаны жөнінде ресми хабар тараған соң, ойын толық тоқтатылып, футболшылар мен бапкерлер алаңда көз жасын тыя алмады.

Младен Жижович — Босния және Герцеговина құрамасының бұрынғы ойыншысы, кәсіби мансабын аяқтаған соң бапкерлікке бет бұрған. Ол "Раднички 1923” командасын небәрі қазан айының соңында (23 қазан) ғана басқаруға келген еді. Бұл  оның небәрі үшінші ойыны болатын.

Сербия футбол қауымдастығы ресми мәлімдемесінде былай деді:

"Младен Жижовичтің кенеттен қайтыс болғаны туралы хабарды зор күйзеліспен қабылдадық. Бұл — Сербия футболы үшін орны толмас қаза. Оның еңбегі мен футболға деген сүйіспеншілігі мәңгі есте қалады."

Сербияның ірі клубтары да көңіл айтты.

"Партизан” клубы:

"Младен Жижовичтің қазасы туралы хабарды  қайғыра қабылдадық. Отбасы мен командасына шын жүректен көңіл айтамыз."

"Црвена Звезда":

"Младен Жижовичтің жақындары мен “Раднички 1923” ұжымына шын жүректен көңіл айтамыз. Оның еңбегі мен ізгі бейнесі ұмытылмайды."