$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Әртараптандыру көрсеткіштерін орындауға бақылау күшейтіледі

04.11.2025ж. 10:39
Әртараптандыру көрсеткіштерін орындауға бақылау күшейтіледі

Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров Үкімет отырысында 2026 жылғы егін егу жұмыстарына дайындық туралы баяндады.
Оның айтуынша келесі жылдың көктемгі егіс науқанына дайындық жұмыстары басталып кетті. Егіс алқаптарын әртараптандыру бағдарламасы жалғасатын болады. Басымдық – жоғары рентабельді және экспортқа бағытталған дақылдарға беріледі, ал суды көп қажет ететін дақылдар көлемі қысқарады.

«Келесі жылдан бастап әртараптандыру көрсеткіштерін орындауға бақылау күшейтіледі. Сондықтан өңірлер қазірден бастап түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, егіс құрылымын алдын ала пысықтауы тиіс»,- деп атап өтті Айдарбек Сапаров.

Келесі маңызды бағыт – тұқымдық материалды сапалы дайындау. Министр жалпы қажеттілік 2,3 млн тоннаны құрайтынын, облыс әкімдіктерінің деректері бойынша, оның 96%-ы дайындалғанын хабарлады. Әкімдіктерден тұқым сапасын тексеруді қазірден бастауы қажет.