$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Түркістан облысындағы атыстан бір адам қаза тауып, үш адам ауруханаға жеткізілді

04.11.2025ж. 15:42
Түркістан облысындағы атыстан бір адам қаза тауып, үш адам ауруханаға жеткізілді
Фото: pixabay

Түлкібас ауданында атыс болып, бір адам қаза тапты, үш адам медициналық мекемеге жеткізілді,-деп хабарлайды Astana TV.

Оларға қажетті медициналық көмек көрсетіліп жатыр. Бұл оқиғаға қатысты Түркістан облысы Полиция департаменті ресми түсініктеме берді.

- Оқиға орнына аудандық полиция бөлімінің басшылығы мен жедел-тергеу тобы дереу шықты. Іс-шаралар барысында аз уақыт ішінде күдіктілердің жеке басы анықталды. Олардың бірі ұсталып, қамауға алынды. Осы факті бойынша «Адам өлтіру» бабымен қылмыстық іс қозғалды. Болған оқиғаның барлық мән-жайын және екінші қатысушының орналасқан жерін анықтауға бағытталған қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр, - делінген ресми хабарламада.

Қазіргі таңда тергеу барысы Түркістан облысы Полиция департаменті басшылығының қатаң бақылауында.