$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Жол апатына кім кінәлі?

Жол апатына кім кінәлі?

Алматыда мотоцикл жүргізушісі «Газельмен» соқтығысып, қаза тапты. Мамыр айында болған жол апатына қатысты сот отырысы өтіп жатыр. Әзірге үкім шыққан жоқ, тараптарды тыңдауда.

Бұл- Рысқұлов даңғылында болған жол апаты. Мотоцикл сағатына 240 шақырым жылдамдықпен жүйіткіп келіп, газельге соққан. Қос дөңгелекті тізгіндеген жүргізуші жан тапсырды. Медициналық сараптама жүргізілген. Оның алкоголь өнімін тұтынғаны расталған.

МЕЙІРХАН ӨМІРБАЕВ, АДВОКАТ:

Кавасаки мотоцикл жүргізушісі 60км сағат жылдамдықпен жүрген жағдайда елдімекендерде рұқсат берілген. Аталған жол көлік оқиғасын болдырмауға толық мүмкіндігі болған. Газел көлігі маневрді бастаған кезде оқиға орнынан соқтығыс болған жерден 277,54 метр арақашықтықта болған. Енді бұндай жағдайда қылмыстық қудалау органы Тұрғалиевке қалай мотоциклге жол бермеді деп айып таққанды заңды екенін білгіміз келіп отыр.

Газел жүргізушісі алты айдан бері полиция бөлімшелерінің табалдырығын тоздырумен әлек.  Жазатайым жағдайдың жазасы  жабысып кетпей мe деп  алаңдаулы.

ЖАЛҒАС ТҰРҒАЛИЕВ, АЙЫПТАЛУШЫ:

Сараптама қорытындысы бойынша мемлекеттік сарапшылардың қорытындысы бойынша 241,92 км сағатпен соқтығысқа сондай жылдамдықпен келді деп есептелді және де. Мотоцикл көлігінің жүргізушісінің қан құрамынан 0,30% алкогол табылып отыр. Қазіргі таңда Алматы қаласы Алатау ауданындық сотында менің ісім қаралып жатыр.

Ал, қайтыс болған жәбірленушінің анасы ұлының артында үш баласы қалғанын айтып, моральдік және материалдық шығындарды өтеп беруін сұрады. Жалғыз баласынан айырылған ана әзірге кешірім бермейтінін айтты.

АЙНҰР МЫРЗАПАЙЗОВА, ЖӘБІРЛЕНУШІ:

Мен алтыншы рет барған кезімде маған камераларды аштырып көрсетуді өтініш жасадым. Маған көрсетті. Маған үш камераны да көрсетті. Жаңағы сіздің балаңыз қатты келді, сіздік балаңыз қатты келді деп жаңағы сүйтеді. Бұл негізі Тұрғалиев тоқтау керек еді ғой мен балам қанша мыңмен келе жатса да. Барлық жерде камера тұр ғой қарап тұрсаң.

Сот мән-жайды жан-жақты саралауда. Келесі отырыс бір аптадан кейін болады.