$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Каспий жағалауынан 112 итбалықтың өлексесі табылды

04.11.2025ж. 18:42
Каспий жағалауынан 112 итбалықтың өлексесі табылды
Фото: Lada.kz

Маңғыстау облысы экология департаментінің мамандары  Ақтау тұрғындарынан түскен хабарламалардан кейін теңіз жағалауына шыққан. Тексеру барысында теңізге шығып қалған итбалықтардың денелері табылған.

"Балық инспекциясы басқармасымен бірлесіп жүргізілген мониторинг кезінде Асан елді мекенінен Баутино мүйісіне дейінгі аралықта Каспий итбалықтарының өлекселері анықталды. Оның 39-ы – Асан мен Форт-Шевченко қаласының жағажайы арасынан, ал 73-і – жағажай мен Баутино мүйісі аралығынан табылды", – делінген департаменттің хабарламасында.

Мамандар теңіз суынан сынамалар алып, жедел қызмет 112 жүйесіне жолдады.