$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Қостанайлық компания тұрғындардан заңсыз қомақты ақша жинаған

04.11.2025ж. 19:00
Қостанайлық компания тұрғындардан заңсыз қомақты ақша жинаған

Қостанайдағы коммуналдық кәсіпорын табиғи монополиялар туралы заңға қайшы әрекет жасаған. Соның салдарынан 12 мың тұрғынның құқығы бұзылғаны анықталды. Табиғи монополияларды реттеу департаменті жоспардан тыс тексеріс жүргізіп, 2022-23 жылдары тұтынушылардан заңсыз ақша алынғанын анықтады. Облыс тұрғындары 119 миллион теңгеге жуық қаражатты газ тарату желісіне қосылуға алғашқы ақы ретінде төлеген көрінеді. Компания әрекеті «Табиғи монополиялар туралы» заңға қайшы болғандықтан жергілікті филиал әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 6 миллионға жуық айыппұл арқалады. Алайда әлі күнге дейін осы қызмет түріне ақы алуды тоқтатпай келеді,дейді департамент өкілдері.

ГҮЛНӘР ТӨКЕНОВА, ОБЛЫСТЫҚ ТАБИҒИ МОНОПОЛИЯЛАРДЫ РЕТТЕУ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ:

Тексеру шараларын жүргізгенде тағы да сондай заңбұзушылықтар анықталды. Енді соған байланысты әкімшілік іс қозғалды.