$541.34 €640.73 ₽6.53
×

"Қолжетімді спорт" жобасын бірде-бір өңір бастамаған",- Е.Мырзабосынов

"Қолжетімді спорт" жобасын бірде-бір өңір бастамаған",- Е.Мырзабосынов

Бұқаралық спортты дамытуға арналған "Қолжетімді спорт" жобасын бірде-бір өңір бастамаған. Бұл туралы Үкімет отырысында Спорт және туризм министрі Ербол Мырзабосынов айтты. Ол осы себепті өңірлерде спорт нұсқаушылардың қатары азайған дейді. Бұдан бөлек, Үкімет басшысы пайдалануға берілген спорт алаңдарын тиімді пайдалануды бақылауда ұстауды тапсырды. Өйткені су жаңа стадиондар қаңарып тұр деп шаңғымданушылар көбейген.

ЕРБОЛ МЫРЗАБОСЫНОВ, ҚР СПОРТ ЖӘНЕ ТУРИЗМ МИНИСТРІ:

«Қолжетімді спорт» жобасы – скандинавиялық серуендеу, жүгіру, гимнастика, йога, фитнес, стритворкаут, шаңғы, үстел теннисі және басқа да бағыттарды қамтиды. Бұл жоба тұжырымдамада көзделген және барлық өңірде іске қосылуы тиіс. Алайда әзірге ешбір өңір оны бастамаған.