$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Несиеге мал алғандарға да мемлекеттен 85 пайыз кепілдік беріледі

04.11.2025ж. 20:14
Несиеге мал алғандарға да мемлекеттен 85 пайыз кепілдік беріледі
фото: pixabay

Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров несиеге мал алайын десе, кепілдікке қоятын активі болмай жүрген шаруаларға қандай көмек берілетіні туралы айтты. 

- Кепілдік беру саясатына қатысты мәселе шешілді деп айтуға да болады. «Даму» қоры арқылы несие сомасының 85 пайызына кепілдік беріледі. Кеңселердің табалдырығын тоздырып жүрмеу үшін портфельдік кепілдендіру жасап қойдық. Бірден «Аграрлық несие корпорациясы» өтінім қабылдап, 85 пайыз кепілдік береді. Осы бағдарламаны мал шаруашылығына да енгізбекшіміз, - деді ол.

Министрдің сөзінше, осы бастама бойынша кешенді жоспар әзірленіп жатыр.

- Жоспарды жыл соңына дейін аяқтап, келесі жылы қолдауды бастаймыз Бұл ауыл шаруашылығына үлкен қолдау болайын деп тұр. Қазір шаруаларға жергілікті әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациялар да несие береді. Ал олардың кепілдік саясатын үйлестіру кеңестері айқындайды, - деді ведомство басшысы.