Ұлттық статистика бюросының дерегінше, биыл алғашқы жарты жылдықта таксимен 102 миллионнан астам жолаушы тасымалданған. Соңғы екі жылда таксопарктер саны 300-ден 500-ге артқан. Онда 200 мыңнан астам адам жұмыс істейді. Такси жүргізушілер Алматыда жиналып, саладағы реттеу, салық, қаржыландыру, автокөлік нарығы, экология және электро көліктер мәселесін талқылады. Электромобильдер де жеке тақырып болып көтерілді.
Жақында «электро» тариф іске қосылғаннан кейін таксопарктер бензиннен электрге ауысуға қызығушылық білдіруде.
МЕЙРАМ ӘБІЛҚАСОВ, ҚР ТАКСОПАРКТЕР ЖӘНЕ КУРЬЕРЛІК ҚЫЗМЕТТЕР ҚАУЫМДАСТЫҒЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:
Алматы үшін бұл керек. Өйткені салыстырмалы түрде жақында ғана таксиде бізде «электро» тарифі іске қосылды және бүгін таксопарктер белсенді түрде қазір бензин машиналарынан электроға ауысып жатыр.