$516.01 €582.47 ₽6.26
×

Ресейде банан өсе ме? Тіл білмегеннен де тауар, тауар өндіруші елден тасылмайды...

AstanaTV
09.12.2017ж. 20:00
3044
Ресейде банан өсе ме? Тіл білмегеннен де тауар, тауар өндіруші елден тасылмайды...

Білесіз бе, ағылшын тілін білмегеннен кейбір кәсіпкерлер тауарды тіке тауар өндіруші елден емес, үшінші бір елден тасиды екен. Нонсенс сияқты. Бірақ расы сол, белгілі экономист, ғалым Рахман Алшановтың есебінше, 3 млрд долларға сырттан тасылатын азық-түліктің біразы тікелей өндіруші елден импортталмайды. Мысалы, бананның 15 пайызы Ресейден тасылатын болған, ал Ресейде банан өсе ме? – деп мысқылдайды.

Рахман Алшанов, экономист-сарапшы:

Мен білдім, қазір біз сырттан 30 млрд долларға тауар әкелеміз. Соның 3 млрды- азық-түлік, тамақ. Көбі тіке шығарушыдан емес. Шәйді біз көбіне Книядан аламыз, екінші орында Үндістаннан аламыз. Ананың шәйі 2 мың доллар, тоннасы, Үндістаннан 3 мың доллар тасиды. Ресейден 7,5 мың доллар. Ресейде шәй өсіре ме? Жеңіл жол да. Тіл білеміз, әкеп береміз дейді, соған көне саламыз да. Тиын санау керек ғой. Кофені де санадым. Кофені оншақты ел өндіреді. Бізге 48 елден келеді. Бір кәсіпкер айтып отыр, тіл білмеймін, маман жоқ деп. Тіл білмегендіктен менің есебім бойынша біз жылына 2-3 млрд доллардан айырылып отырмыз. Артық төлеп отырмыз. Біз бананды Эквадордан алушы едік, 100 пайыз. Соңғы кезде 15 пайызы Ресейден келетін болды. Бағасы 55 долларға қымбат. Ресейде банан өспейді ғой.

Экономист цифрлық экономикаға, интернет-саудаға икемделудің маңызды екенін ұғуға шақырады. Өнім өндіруші компания өз саласындағы әлемдік нарықты күнде қадағалауы керек. Сонымен бірге өзінің сайтын жасап, шығаратын тауары, оны жеткізу жолдары туралы толымды мағлұмат беруі тиіс. Әрине, ағылшын тілінде. Мамандарын оқытуы керек. Ағылшын болғанда да техникалық тіл білетін, саланың тілін білетін маман.