$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Түркістан облысында жасөспірім оққа ұшты

Түркістан облысында жасөспірім оққа ұшты

Түркістан облысының Түлкібас ауданында ересектер арасындағы ерегіс соңы жасөспірімнің өлімімен аяқталды. Көктерек ауылында түнгі уақытта тұрғындар арасында жанжал шығып, бірі атыс қаруын қолданған. Алайда тапаншадан атылған оқ көздеген адамға емес, сол маңға кездейсоқ келіп қалған жасөспірімге тиеді. 17-дегі бала алған жарақатынан қаза тапты.  Сол жерде болған тағы үш адам ауруханаға  жеткізілді. Оларға қажетті медициналық көмек көрсетілуде. 

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ:

Оқиға орнына аудандық полиция бөлімінің басшылығы мен жедел-тергеу тобы дереу шықты. Іс-шаралар барысында аз уақыт ішінде күдіктілердің жеке басы анықталды. Олардың бірі ұсталып, қамауға алынды. Болған оқиғаның барлық мән-жайларын және екінші қатысушының орналасқан жерін анықтауға бағытталған қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде.Тергеу барысы Түркістан облысы Полиция департаменті басшылығының қатаң бақылауында.