ТЖМ құтқарушылары Қарқаралы тауларында адасқан туристерді тапты,-деп хабарлайды Astana TV
Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданында, «Шахтёр» демалыс үйінің маңында тауға серуендеуге шыққан екі туристі іздеу-құтқару жұмыстары жүргізілді.
ТЖМ іздестіру тобы дронның көмегімен туристерді демалыс үйінен шамамен 2,5 шақырым қашықтықтан тапты. Медициналық көмек қажет болған жоқ.