$541.34 €640.73 ₽6.53
×

АҚШ-та жүк ұшағы апатқа ұшырап, 3 адам қаза тапты

05.11.2025ж. 09:42
АҚШ-та жүк ұшағы апатқа ұшырап, 3 адам қаза тапты
Stephen Cohen/Getty Images

UPS MD-11 жүк ұшағы Кентукки штатының Луисвилл қаласында әуеге көтерілгеннен кейін апатқа ұшырады,-деп хабарлайды Astana TV.

Әлеуметтік желіде тараған кадрларға қарағанда әуе көлігі 51 метр биікке көтеріліп, содан төмен құлдилаған. Кейінгі дерек бойынша үш экипаж мүшесі опат болды. Тағы 11 адам жараланды. Бірнеше ғимарат өртенді.

Жарылыс кезінде әуе көлігінің багында 144 мың литр жанармай болған. Штат билігі жақын маңдағы тұрғындарға сыртқа шықпауды ескертті.

 Ұшақ Құрама Штаттардың ірі логистикалық Ю-Пи-Си компаниясына тиесілі. Әуе көлігі 34 жыл бұрын құрастырылған. Boeing компаниясы тергеу жүргізуге көмектесеміз деп мәлімдеді. АҚШ-тың Ұлттық көлік қауіпсіздігі кеңесі тексеріс бастап кетті. Луисвилл әуежайының жұмысы уақытша тоқтады. Бұл - Amazon, Walmart және АҚШ пошта қызметінің жүк тасымалын қиындатты.