Мәжіліс депутаты Темір Қырықбаев Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрайымы Мәдина Әбілқасымоваға өндіріп алудан қорғалатын әлеуметтік шот енгізу бастамасы мен шоты бұғатталған азаматтарға арналған тәсілдер туралы сұрақ қойды.
Депутаттың айтуынша, елімізде шамамен 38 миллионнан астам шот бұғатталып тұр.
“Мен азаматтардың ең төменгі табысын қорғау және өндіріп алушылар мен борышкерлер құқықтарының теңгерімді сақталуын қамтамасыз ету мақсатында заң жобасына қорғалған әлеуметтік шот немесе арнайы банктік шот ашу туралы ұсыныс бердім. Мұндай шотқа айына 300 мың теңгеге дейінгі сомадағы түсімдерге өндіріп алу шаралары қолданылмайды. Сіз азаматтарға айына 300 мың теңгеге дейінгі сомада өндіріп алудан қорғалатын әлеуметтік шот енгізу бастамасына қалай қарайсыз және шоты бұғатталған азаматтар үшін сіздің агенттік қандай тәсілдер қарастыруда?”,-деді депутат.