$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Филиппинде тайфун салдарынан 60-тан астам адам қаза тапты

05.11.2025ж. 20:14
Филиппинде тайфун салдарынан 60-тан астам адам қаза тапты
Фото: REUTERS/Eloisa Lopez

Филиппиннің орталық аймақтарында соққан қуатты «Калмаеги» тайфунының салдарынан 66 адам қаза тауып, жүздеген мың тұрғын үйлерін тастап шығуға мәжбүр болды.

Ең көп зардап шеккен өңір Себу аралы, мұнда 49 адамның өлімі тіркелген, тағы 26 адам із-түзсіз жоғалған. Қаза болғандардың арасында көмек көрсетуге аттанған әскери тікұшақтың алты экипаж мүшесі бар.

Филиппин Ұлттық апат агенттігінің мәліметінше, 400 мыңнан астам адам эвакуацияланып, төтенше жағдай жарияланды.