$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Жамбыл облысында мал ұрлығымен айналысқан қылмыстық топтар әшкереленді

06.11.2025ж. 00:40
Жамбыл облысында мал ұрлығымен айналысқан қылмыстық топтар әшкереленді
Фото: ernur.kz

Жамбыл облысында мал ұрлығымен айналысқан қылмыстық топтар әшкереленді,-деп хабарлайды Astana TV.  

Жыл басынан бері 41 адам мал ұрлығын жасағаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Оның ішінде 27 адамнан құралған 10 қылмыстық топтың әрекеті белгілі болды. Кешенді шаралардың нәтижесінде өңірде ұрланған малдың 68 пайызы иелеріне қайтарылды. Сонымен қатар мал-ет өнімдерін заңсыз тасымалдаған 464 азамат жауапкершілікке тартылды. Мал жаю ережелерін бұзған 2083 тұрғынға тиісті шаралар қабылданды. 

- Мал ұрлығының басым бөлігі малдың қараусыз қалуынан туындайды. Азаматтардың өз малын қадағалап, сақтық шараларын жасауы — қылмыстың алдын алудың ең тиімді жолы. Осы бағытта өңірде мал және ет саудасы орындарында «Малды қорғаудың бес қадамы» акциясы жүзеге асырылып жатыр. Нәтижесінде оң көрсеткіштер байқалуда, – деді ПД криминалдық полиция басқармасының бастығы Мақсат Юсупов.