Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ішкі саясаттың негізгі қағидаттары мен бағыттарын бекітті. Бұл құжат мемлекеттік органдардың жұмысын жүйелеп, ішкі саясатты үйлестіруге мүмкіндік береді. Сондай-ақ ұлттық бірегейлікті танытатын нышандар жүйесі жасалды, қоғам мен билік арасындағы диалог күшейтіліп, этносаралық келісім мен мәдени-гуманитарлық жобаларға ерекше көңіл бөлінген. Құжатта жастар мен отбасы саласы, ақпарат және медиа бағыттары да нақты айқындалған. Бұл мемлекеттік саясаттың идеялық негізін көрсетіп қана қоймай, елдің болашақтағы бейнесін айқындайтын жол картасы іспеттес,-дейді сарапшылар.
ЖАНДАР АСАН, САЯСИ САРАПШЫ:
Ішкі саясат саласындағы тұжырымдамалық құжаттың басты мақсаты- ішкі саясат саласындағы негізгі жұмыстарды жүйелеу, басым бағыттарды айқындау. Жалпы осы ел Президенті тарапынан жүргізіліп жатқан "Заң мен тәртіп", "Біртұтас ұлт", "Халық үніне құлақ асатын мемлекет", "Күшті Президент-ықпалды Парламент-есеп беретін Үкімет", "Таза Қазақстан", "Адал азамат" сияқты басым бағыттарды осы негізгі тұжырымдамалық құжатта қарастырылған.